Жүкешев Қанат (Қанағат) Мұратбекұлы
1947 жылы туған. 1977 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1972-1995 жылдарда Семей облысындағы және қаласындағы білім мекемелерінде мамандығы бойынша қызмет атқарды. 1996-2008 ж.ж. Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі-Ғылым Академиясының философия институтының жанындағы мамандандырылған Кеңесте «Қазақстан қоғамының қазіргі жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары» деген тақырыпта 09.00.11 – «Әлеуметтік философия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Жаңа екі пәннің – тәуелсіз Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптарына арналған «Қоғамдық білім негіздері», «Құқықтану негіздері» пәндерінің негізін қалады. Пәндердің білім құрамы мен мазмұнын анықтап, сыныптарға жүйелеп бөліп, стандарттары мен бағдарламаларын жасады. Авторлар ұжымын құрып, оқулықтары мен әдістемелік кешенін жазды. 2008 жылдан бастап қазірге дейін Қазақтың спорт және туризм академиясының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасынның доценті. Қазіргі кезде мемлекеттік тіл мәселелері жөнінде зерттеулермен айналысуда. 100-ден астам ғылыми еңбектердің, солардың ішінде 2 монография, 5 оқулық, 13 оқу-әдістемелік құралдарының авторы.